Зейнетақы мен жәрдемақы өседі
Елбасы Н.Назарбаев зейнетақы мен бала туғанда берілетін жәрдемақыны өсіруді қарастыратын заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлайды.
1 шілдеден бастап Қазақстандағы ең төменгі зейнетақы 40 950 теңге болады. Зейнетақыны және жәрдемақының аталған түрін ұлғайту үшін осы жылға республикалық бюджеттен 81,6 млрд теңге қарастырылған.
Айта кетейік, бұған қоса елбасы дипломатиялық қызмет туралы және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған заңға да қол қойды.