Елбасы Жолдауы – ел назарына

Рудныйға жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары «ССКӨБ» АҚ ұжымымен кездесті.депы
Шекемтас өндіру фабрикасында өткен кездесудің басты тақырыбы – Елбасының билік тармақтарының өкілеттігін қайта бөлу туралы Үндеуі мен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты соңғы Жолдауы болды. Алғаш боп сөз кезегін алған халық қалаулысы Айгүл Нұркина маңызды құжаттың әлеуметтік салаға қатысты бағыттары туралы баяндады.дипутат
– Елбасы Жолдауында жаппай жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту, білім беру саласының мазмұнын өзгерту, зейнетақы мен әлеуметтік төлемақылар жүйесін жаңғырту мәселесін көтеріп, Ел Үкіметіне тиісті тапсырмаларды жүктеді. Осының барлығы әлеуметтің әлеуетін арттырып, дамыған 30 елдің қатарына кіруге мүмкіндік береді, – деді ол.
Биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі – еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айшықтау. Ал оның басты мақсаты – «Қазақстан-2050» Стратегиясының міндеттерін жүзеге асыру. Елбасы аталмыш стратегиялық бастама «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының негізінде орындалатынын қадап айтты. Осылай деп сөз бастаған Мәжілісі депутаты Айзада Құрманова биылғы Жолдау – тәуелсіз еліміздің тұрақты дамуына жол ашатын, мемлекетіміздің барлық саласына серпін беретін, халқымыздың игілігіне бағытталған, нақты іс-жоспарға негізделген тарихи құжат екендігін атап өтті.дептер
Депутат Светлана Бычкова болса, Мемлекет басшысының конституциялық реформалар жасау туралы жаңа ұсынысына қатысты өз ойын айтып, бұл қадамдар биліктің басқару нысандарындағы жүйелерді жаңғыртып, ондағы ауыр қимылдайтын тетіктерді жаңаша қозғалысқа түсіретіндігіне сенім білдірді. Сондай-ақ ол Заңымыздың 26-бабы төңірегіндегі дау-дамайға қатысты пікірін де ортаға салды.
– «Қазақстан Республикасының азаматы» деп басталатын тармақ «әркім» деген сөзге ауыстырылған соң, халық арасында түсініспеушілік туындағаны рас. Бұдан кейін «Қазақстанның жерін әркім жеке меншігіне алуға құқылы» деп ұққандар көп. Алайда Конституцияның 26-бабында жер туралы ешқандай әңгіме жоқ. Жер туралы норма Конституцияның 6-бабында бөлек реттелген. Сондықтан дос-жаран, туған-туыстарыңызға осыны айтып, алаңдауға негіз жоқ екендігін түсіндіріңіздер, – деді Светлана Федоровна.депу
Астаналық қонақтардан кейін фабриканың бас технологы Руслан Оразалин жас маман ретінде Жолдауға қатысты ойымен бөлісті. Кездесуді кәсіпорынның әлеуметтік сұрақтар жөніндегі вице-президенті Ерлан Әлкенов қорытындылап, еңбек ұжымы Жолдауда көрсетілген барлық мақсат-міндеттерді орындауға дайын екендігін жеткізді.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓