Сахнада – мемлекеттік қызметкерлері

Қостанайда мемлекеттік қызметкерлер арасында байқау өтті. шенеуникОблыста оза шауып, озат шыққан 12 қатысушы өз әріптестерінің алдында сынға түсті. Сайыстың бірінші кезеңінде би билеп, күй тартып, шығармашылық қабілетін көрсетті. Содан соң заң мен тарихтан сауаттылығы сарапқа салынды. Жалпы облыста «100 нақты қадам» Ұлт жоспары және «Рухани жаңғыру» бойынша жүйелі шаралар қолға алынған. Аттестациялау аяқталып, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту бағытында кешенді жұмыстар атқарылып жатыр.
 – Елбасының «Болашаққа бағдар» мақаласында айтылғандай, ол өзінің туған жеріне, яғни патриоттық сезімі болу керек. Сонымен қатар мемлекеттік қызметші тарихты білу керек, өзінің интеллектуалдық қабілеті өте жоғары болуы тиіс, сонымен қатар ҚР заңдарын да жоғары деңгейде білуі тиіс. Біздің байқауды ұйымдастырудағы себебіміз де осы, – дейді Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департамент басшысы Берік Бекжанов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓