Қара жол қара жамылдырды
Рудный қаласы маңындағы Семилетка ауылына жақын жерде Mitsubishi көлігін басқарған 50 жастағы қостанайлық тізгінге ие бола алмай қалып, қарсы беттегі Audi Q7 маркалы көлігімен соқтығысқан.
"ЖКО салдарынан рөлінде 42 жастағы жүргізуші болған Audi Q7 қарсы жолаққа шығып кетіп, 34 жастағы шопыр басқарған “Газельге” соғылады. Үш көлік кептелісіне серпінмен келіп “ВАЗ-2110” жеңіл көлігі қақтығысқан. Оның тізгінінде 27 жастағы азамат болды", – делінеді ІІД баспасөз қызметі хабарламасында.
Апат кесірінен “ВАЗ-2110” көлігінің жүргізушісі облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Куәгерлер жол апатынан екі ер адамның қаза тапқанын айтады. Көліктердің бірі қаққа бөлінген.