Облыс әкімі Арқалық пен Аманкелдіге барды
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Аманкелді ауданы мен Арқалық қаласына барды. Іссапар барысында Әулиекөл-Жалдама (193-257 шақырым) және Арқалық-Торғай (119-128 шақырым) тас жолдарындағы жөндеу жұмыстарымен танысты. Бас мердігер – "Алюминстрой" ЖШС.Сондай-ақ,Тасты ауылындағы Кейкі батырдың кесенесіне аялдады. Мұнда да құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Батыр кесенесінің де құрылысына "Алюминстрой" компаниясы жауапты. Серіктестік директоры Абай Мұқанов өңір басшысына құрылыс қарқынын баяндап берді.Атқамінерлер бұдан соң Арқалық қаласына бет бұрды. Алдымен "Жігер" стадионы мен политехникалық колледжіне соқты. Оқу орнына биыл күрделі жөндеу жұмыстары жасалған болатын. Қала ішіндегі жолдарға жасалып жатқан жұмыстарды бақылады. Сондай-ақ, келешекте бой көтеретін ет комбинатының аумағын аралады.
Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.