Қармаққа ер адамның мүрдесі ілікті

Қарабалық ауданына қарасты Боскөл ауылының тұрғыны Тоғызақ өзеніне балық аулауға барған. Қармағы алда-жалда ауыр нәрсеге ілігіп, пәрменінше тысқа тарта бастайды. Жағаға сүйреп алып шыққан "олжасының"  адамның мүрдесі екенін көргенде балықшының төбе шашы тік тұрыпты. на кручкеІзінше, жергілікті полицейлерге қоңырау шалады. Тәртіп сақшылары марқұмның Жітіқара ауданының азаматы екенін анықтады. Ол жаз айларында осы өлкеде бақташы болып жұмыс істеген. 
Бір ай бұрын ол бағатын бір отар қой кешке иесіз келген. Алайда, ауылдықтар оны іздеп, аса алаңдамапты-мыс. Ресейдегі туысқандарына кеткен болар деп ойлаған. 
Мәйіттен зорлық-зомбылық пен қасқана жасалған қылмыстың белгілері табылмаған.   
 
Кенже Қонысбай

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓