Мажарлардың саяхаты басталды
Елордадағы “ЭКСПО – 2017” халықаралық көрмесін тамашалауға келген венгрлік ағайындар алғашқы саяхаттарын сан ғасырлық тарихы бар қасиетті Торғай жерінен бастауды жөн көріпті.Мажарстандық қандастардықтардан құрылған делегацияны өзіміздің жерлесіміз Құрманғазы Жанділдин бастап келді. Оларды аудан әкімі Шота Оспанов бастаған елжанашырлары Торғайдың кіре беріс қақпасынан күтіп алып, қазақы тостағанмен қымыз ұсынды. Ал аудандық мәдениет үйінің әншілері торғайлықтардың пейілі дархан әрі қонақжайлы екендігін жергілікті сазгерлердің әнімен жеткізді. Аудан орталығына келген меймандар ХХХII жазғы аудандық “Топжарған-2017” спартакиадасын тамашалады. Артынша венгрлік туысқандар жаугершілік заманда аттың сауырында жүріп, ел қорғаған батырлардың кейпіне еніп, белгілі межеге садақ жебесін қадап, мергендіктерін танытты. Сонымен қатар, дулыға мен темір сауыт киіп, ат үстінде батырларға тән өнерлерін көрсетті.Саяхаттарын келесі күні ата–бабалары туып-өскен Қызбел ауылдық округінде жалғастырды. Мажарстандық меймандардың құрметіне жайылған ақ дастархан басында ғасыр қойнауындағы зерделі тарих жайлы келелі әңгіме өрбіді. Аудан әкімі Шота Сәбитбекұлы мажар бауырларға өз тілегін арнады. Ата-бабаларының ата қонысын аңсап келген қандастардың иығына шапан жапты. Ауыл қариялары ақ баталарын беріп, олардың ата-бабаларының рухына құран бағыштады. Мажарстандықтарды сый-сияпаттан құр алақан емес екен. Ауылдық округ әкімі Елдос Едіресовке былғарыдан жасалып, күміс әшекеймен безендірілген белдікті сыйға тартты. Сондай-ақ, екі елдің достығы бұрынғыдан да бекей түссін деген ниетпен “МAGYAR – TURAN” туын тапсырды. Дастархан басындағыларға Мажарстаннан арнайы әкелген жоралғыларын сыйға тартып, өздерінің тарихынан сыр шертетін “KURULTAI – HUNGARY” журналын үлестірді.
Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінің әншілері және ауыл өнерпаздары ән-шашуларын жолдады. Әуезді әннің ырғағына тербеліп, сезімге ерік берген мажарстандықтар дала сахнасында үрмелі, көп ішекті, ұрмалы аспаптарымен өз өнерлерін көрсетті. Қызды-қыздымен мажарстандық әнші қыз “Туған жер” әнін қазақ тілінде шырқағанда қызбелдіктердің мәртебесі бір көтеріліп қалды. Жауынгерлік сайыстар мен садақшылардың, салт аттылардың ойындары өте қызықты болды.Өткен тарихқа бір сәт көз жүгіртсек, Мажар (венгр) халқының санасында осы уақытқа дейін олардың ата тектері шығыстан, яғни Орталық Азиядан шыққан деген ұғым бар. Бүгінгі күнге дейін Мажар (венгр) ұлтының шығу тарихы туралы әртүрлі ғылыми көзқарастар айтылып, қызу пікірталастар ел арасында әлі күнге теке-тірес болып келеді екен. Еуропаның қақ ортасында құрылған Мажар мелекетінің мың жылдық тарихы бар дәйек шындыққа жанасатын сынайлы. Көшпелі халықтар арасында Мажарлар мәдениеті батыстық мәдениет ретінде айқындалған деген түсінік бар. Халықтардың ұлы көші уақытында мажарлықтар көптеген халықтармен және тайпалармен қарым – қатынаста болған. Оның сыртында бірнеше рет басқа да өңірлерді қоныстанған. (Бұл туралы мәліметтер көптеген парсы және араб тілдеріндегі көне жазбаша деректерде сақталып қалған.) Шығыс жерлерінде қоныстанған мажарлармен байланыс Арпад әулеті басқарған уақыттан бері жалғасып келеді мыс. Мажарстан Табиғат мұражайының Антропологиялық бөлімшесінің ғылыми зерттеушісі және Мажар антропологы Андраш Биро Жолттың Қазақстанға жасаған бірнеше ғылыми экспедицияларының бірінде нәтижелі болған. Қазақстандағы арғын тайпасына кіретін мадиар руының ең үлкен тобы Торғай өңіріндегі Сарықопа көлі жатқан алып даланы мекендейді деп атап көрсеткен. Осыдан 320 – 350 жыл бұрын оңтүстік және оңтүстік – шығыс аумақтарынан Қарсақ (Карцаг) батырдың басшылығымен келген деген тарихи дерекке бір уақыт иек артқанда дұрыс шығар. Бұлар Солтүстік Қазақстан жағында да қыпшақ тайпасымен одақтас екен.
Қалай десекте, мажарстандық бауырлардың алпыс екі тамырында қазақтың қаны тамшылап тұр.

Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Жанкелдин ауданы
Жанкелдин ауданы