Қоғамдық орында жыныстық қатынасқа түскен
Оқиға Қостанай қаласының темір жол вокзалының маңайында болды. 29 маусым күні таңертеңгі сағат 8 шамасында 60 жасар Германия азаматы және 33 жасар Ресей елінің азаматы сексуалдық сипаттағы әрекет жасаған. Бұл сорақы істері сол жерде орналастырылған бейне бақылау камераларына жазылып қалған.
Ұятсыз әрекетімен қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қостанай қалалық мамандандырылған соты оларға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу туралы шешім шығарды. Сөйтіп, нәпсісін тыя алмаған шетелдіктер 20 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды.
Фуу, жексұрындар!!! Басқа айтарым жоқ.))))