«Үздік мемлекеттік қызметші-2017»
Міне, осындай атпен облысымызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті және «Мемлекеттік, банк мемекемелері, қоғамдық қызмет көрсету қызметшілерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының ұйымдастыруымен байқау болып өтті.
Елбасымыз ұсынған Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» он бес қадамы кәсіби мемлекеттік аппаратты құру мен мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруға, олардың мәртебесін қалыптастырып, мемлекеттік қызмет жүйесін жоғары деңгейге көтеруге бағытталып отыр.
-Сондықтан да өткізіліп отырылған байқаудың басты мақсаты- мемлекеттік қызметтің беделін көтеру, мықты мемлекеттік аппарат қалыптастыруға қадам басу. Біз барлығымыз халықтың қызметшілеріміз, сол себепті де қызметшілердің міндеті- халқыққа қызмет көрсету болып табылады. Мемлекеттік қызметші болғандықтан, ол қандай болуға тиіс? Біліктілігімен қатар білімі де жан-жақты, зияткерлігі де жоғары болуы керек. Ол өзіне жүктелген міндетті атқарып, заңдарды біліп қана қоймай, кез-келген сәтте ұтымды, ұтқыр, білікті бола білуі керек деп ойлаймын,-деді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Берік Бекжанов.




Байқаудың бағдарламасы бойынша «жеңімпаз атансам, өз-өзімді жан-жақты көрсете білсем» деген үмітпен облысымыздың әр елдімекендеріндегі мемлекеттік мекемелерінен, органдарынан, департамент пен басқармалардан келген үміткер қызметшілер өздерінің шығармашылықтарын, шешендіктерін көрсетіп, заңнамаларға байланысты блиц-сұрақтарға жауап беріп, Қазақстанның тарихы мен мәдениетінен хабардар болулары қажет.




Гүлназым САҒИТОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ