Еңбекпен қамту мүмкіндіктері

"Мемлекеттік жастар саясаты туралы" заң аясында  мемлекет  жас мамандарды қолдау мақсатында  еңбекпен қамтуға кепілдік береді. Осыған орай  "Жастар тәжірибесі" мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істеуде, бұл Сарыкөл ауданында  жұмыспен қамту мекемесі арқылы жүзеге асырылып жатыр.
жастарЖалпы, ауданда ағымдығы жылдың екінші жартыжылдығында жұмыспен қамту бөлімі бойынша әр түрлі жұмыс орындарына 6 жас маман жолданған, сондай-ақ, 13 адам өз орнын тапқан.
Бүгінде "Жастар тәжірибесі" бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатқан жастар өздеріне жүктелген мерзім аралығында бюджеттік қаржыландыру бойынша 18 АЕК көлемінде ай сайын жалақы алып отырады. Оған қоса, болашақта өз мамандықтары бойынша жоспарларын ай-қындай түседі. Ал жұмыс беруші-лер болса, өз кезектерінде жұмыс уақытында мамандардардың өз міндеттерін атқаруға байланысты таңдау жасайды. Осы мақсатта жұмыс берушілерден яғни, кәсіпорын, ұйым, мекемелерден жалпы тәжірибеден өтіп жатқан жас мамандар туралы сұрап едік. Нәтижесі көңіл қуантарлықтай, яғни, жас мамандардың дені жұмыс істеп жатқан жерлерінде түпкілікті қалмақ.
– Ең бастысы, жас мамандардың өз қалауларына байланысты, – дегенге саяды жұмыс берушілердің  пікірі. Мәселен, ҚМПИ-дің  түлегі Мадина Сақыпжанова  "Солнышко" балабақшасында өз уақытын әлі толықтай өтемесе де, аталмыш ұжымның бір мүшесіне айналған. Ал, аудандық орталық аурухана жас маман Сәуле Әубәкірованы есепші қылып қалдыруды көздесе, балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Юрий Степин өз қарамағында есепші болып тәжірибеден өтіп жүрген Яна Черепащенконы "міндетті түрде" қалатындығын ашық айтты. Сондай-ақ, Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінің директоры Бақытгүл Асанованың қазір колледжде заңгер, есепші, аспазшы мамандықтары бойынша сынақтан өтіп жүрген Сергей Максимов, Мәдина Әбілмәжінова және Елена Кивидевалардың  жұмысына көңілі толатындығын жеткізді.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓