“Шевроле Нива” сатыла бастады
Қостанайда құрастырылатын "Шевроле Нива" автокөлігі ел нарығына шықты. Бұл көліктің сәрсенбіден бастап сатылымға шыққаны туралы "GM-Автоваз" компаниясының ресми сайты хабарлады.
Автокөлікті "Вираж" автосалондары" компаниясы 14 маусымда сата бастады. "Шевроле Нива" "СарыаркаАвтоПром" көлік құрастыру алаңынан шыққанын айта кету керек. Бұл көлік саудасы Қазақстаның 11 қаласындағы "Вираж" компаниясының 13 дилерлік орталығында жүзеге асады.Мамандар автокөлікке жеңілдетілген несиелендіру арқылы қол жеткізуге болатынын айтты. 20% алғашқы жарна төлеу арқылы 5 жыл мерзімге 4% жылдық мөлшерлемемен темір тұлпарды тақымға басу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, бөліп төлеу, несие және лизигтің стандартты бағдарламалары да қарастырылған.