4 күн ішінде 88 мың мейман келді
Елордалық әкімдіктің ведомствоға бағынышты ұйымы – «Астана конвершн бюро» ЖШС-інің директоры Санияр Айтекенов ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің алғашқы үш күнінің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Оның айтуынша, көрме ашылған күннен 13 маусымға дейінгі аралықта көрмеге 88 мың 300 адам келген. Көші-қон полициясында 1970 қонақ келгендігі тіркелді. Өңірлерден көрмені тамашалауға 6 200 бала келді. Қонақүйлерге 27 мыңнан астам адам орналасқан. Қонақүйлер 81%-ға, хостелдер 25%-ға толған. Қоғамдық көліктер 2,6 млн жолаушы тасымалдаған. Бұдан өзге, көрме аясында «жасыл» экономиканың дамуына инвестиция тартылды.

«Қытай Қазақстандағы жел генераторлары парктеріне 70 миллиард теңге инвестиция құяды», – деп жазды Айтекенов өзінің Фейсбуктегі парақшасында.
«Қазатомпром» Ұлттық компаниясы мен әлемдік атом саласындағы жетекші компаниялар – Cameco Corporation, Uranium One Inc., CGN және AREVA арасында өзара меморандум жасалды. «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ және CNPC Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және ҚХР-ына газ экспорттау бойынша бірқатар келісімдерге қол қойды. Сондай-ақ, тараптар 2017-2018 жылдарға «ҚазМұнайГаздың» Қытайға табиғи газ жеткізу мүмкіндіктерін талқылап, 5 миллиард шаршы метр көлеміндегі Қазақстан газын ҚХР-ына экспорттаудың сатып алу-сату шарттарына қол қойылды.
«Экспо-2017 көрмесіне жұмсалған қаражат – 400 миллиард теңгеден асады (шамамен 1 млрд. 300 миллион доллар)», – деп түйді сөзін Санияр Айтекенов.