Жылжымалы зертхана іске қосылды

Облыстың шалғай ауылдарында ПТР сынамасын тез әрі тиімді жүргізу мақсатында мобильді зертханалық кешен іске қосылды. Заманауи кешен Денисов, Жітіқара, Қамысты аудандарының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Басты мақсат – КВИ алынған сынамаларды тасымалдау уақытын қысқарту. «Ұлттық сараптама орталығы» РМК филиалының басшысы Бауыржан Көпжасаровтың айтуынша, зертхана коронавирустық инфекциямен сырқаттану жағдайларын анықтаудың жеделдігін де арттырады. Көліктегі зертхананың қуаттылығы тәулігіне 300 зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.
«Мобильді зертханалық кешеннің көмегімен облыс орталығынан алыс орналасқан ауылдарды қамтимыз. Сынақ нәтижесі де осы жерде белгілі болады. Бұл дәрігерлердің ғана емес, тұрғындардың да жұмысын жеңілдетіп, уақытын жеделдетеді. Көлікте 2 бокс орнатылған. Алғашқысы – бөлу аймағы, мұнда сынама алынады. Одан кейін үлгілер терезе арқылы екінші боксқа жіберіледі. Онда 96 түрлі лабораториялық зерттеу жүргізілетін «биорат» аппараты орнатылған, – дейді Б.Көпжасаров.
Лаборатория қызметкерлері мұндай зертханалық аппараттармен бұған дейін де жұмыс істеп келді. Мобильді зертханалық кешенді басқару мақсатында мамандар Алматыда арнайы оқытудан өткен. Алдағы уақытта Жітіқара қаласының мамандары да арнайы оқытудан өтпек. Оларға жергілікті әкімдік қолдау көрсетіп отыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓