1:5

Қостанайлық «Тобыл» футбол командасы UEFA Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу сатысында сырт алаңда Венгрияның «Ференцварош» командасына 1:5 есебімен жол берді.

Қостанайда өткен алғашқы ойында екі команда 0:0 есебімен тең тарқасқан еді. Енді «Тобыл» Конференция лигасының екінші іріктеу сатысында Гибралтардың «Линкольн Ред Импс» командасымен кездеседі. Ал «Ференцварош» Чемпиондар лигасы екінші іріктеу сатысында Словакияның «Слован» клубымен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, Конференция лигасында екінші іріктеу сатысында еліміздің атынан елордалық «Астана», алматылық «Қайрат» және петропавлдық «Қызылжар» командалары ел намысын қорғайды. Ойындар 21 және 28 шілде күндері өткізіледі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓