Бүгін ел азаматтарының қауіпсіздігі мен құқығын қорғаудағы ҚР ІІМ-нің соңғы бес айда атқарған қызметі жайында министр Қалмұхамбет Қасымов халық алдында есеп беру кездесуін өткізді. Жиынды барлық облыс телекөпір арқылы көріп, көкейдегі сауалдарын қойды.
Жиналыс өтерден бірнеше күн бұрын азаматтардың көкейтесті сауалдарын қабылдау үшін CALL-орталық құрылған. Бұл жайында және сұрақ қою тәртібі туралы БАҚ мен Министрлік сайтында жария етілді. Қазақстандықтардың сауалдары мен талап-тілектері он күн бойы қабылданды. Орталық әлі күнге дейін өз жұмысын жалғастыруда. Бұған қоса, Қ.Қасымовтың қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік мәселелері жөнінде есеп беру кездесуі аясында да қазақстандықтар телекөпір арқылы сауалдарын жолдауға мүмкіндік алды. Әйткенмен, әуелі, барлық облыс бейнебайланыс арқылы министрдің халыққа есеп беру баяндамасына назар салды.
Қасымовтың айтуынша, қоғамдағы құқықбұзушылықпен, қылмыспен күресте тәртіп сақшыларының құрығы ұзара түскені байқалады. Соңғы жылдары қабылданып жатқан жаңа ұтқыр ережелердің қадамды ширата түскені өз алдына. Күндіз-түні әр аймақта және тікелей министрлікте сенім телефоны жұмыс істейді. Қоғамдық қабылдау да дамылсыз жүргізіледі. Соның арқасында құқыққорғаушылар қызметі жеміс беріп жатыр
"Әуелі айта кетерлігі, өз саламыздағы тәртіпті қадағалауға ерекше басымдық берілуде. Органдар сапасыз қызметкерлерден арылуда. Биыл борышына адалдық танытпаған 980 қызметкер жұмыстан шығарылды. Бұл талапты күшейтіп, жұмысты жетілдіре түседі, — деді министр. — Елдегі қылмыс санының көрсеткіші төмендегені байқалады. Биыл 123 мың қылмыс жасалған, яғни былтырғыдан 15,8 пайызға аз. Қылмыстың ашылуы – 80-90 пайызға тең. Жалпы, заңсыздықтың басым үлесі мастықпен жасалған қылмыстар және жасөспірімдер тәртіпсіздігі. Әсіресе соңғысы. 3300 кәмелетке келмеген жас қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Мұның алдын алу тәртіп сақшыларының ғана міндетіне кірмеуі керек. Барлық қалалық, ауылдық білім ошақтарында педагогтар мен ата-аналар инспектормен бірігіп жұмыс істеуі тиіс".
Сондай-ақ, көшеде жасалатын қылмыстар саны 117 мыңға жеткен, оның көбі жедел басқару орталықтарының көмегімен дереу ашылған. Жол үстіндегі ережебұзушылықтар саны кеміпті: 2016 жылы 5%-ға азайғаны айтылса, биыл оң көрсеткіш 15%-ға дейін жетіп отыр. Нақтысын айтқанда, ел бойынша ірілі-ұсақты 3,5 млн ереже бұзушылық тіркелген. Есірткі бизнесінің тамырына балта шабу мүмкін болмай отыр. Жалпы салмағы 35 тонна түрлі типтегі есірткілік заттар тәркіленіпті. Тілсіз жаумен күреске де аз күш жұмылдырылмады. Өрттің, тасқын судың салдарымен күресуге 3,4 млрд теңге шығындалған. Былтыр 457 адам шомылу маусымында суға кеткен, оның 156-сы –бала. Қазір125 өзен-көл қадағалауда.
Уақытша тіркелу мәселесі биыл елді біраз дүрбелеңге салғаны рас. Қ.Қасымов өз сөзінде министрлік тарапы алдын ала ақпараттандыру жұмыстары жүргізілмегендіктен кінәлі екендігін жасырмады. Бірақ бұл қажеттіліктен туындаған талап халық тарапынан түсіністікке ие болғанын айтады. Бірер күн бұрын ғана уақытша тіркеудің жаңа, жетілдірілген ережесі әзірленіпті. Шамамен, 10 күн айналасында БАҚ-та жарияланбақшы.
Елдің абыройын асқақтатқан ЭКСПО-2017 көрмесінің ойдағыша өтуіне де министрлік барынша күш жұмсауда. Маңызды шара кезіндегі Елорданың тыныштығы мен қауіпсіздігін қадағалауға 5,5 мың тәртіп сақшысы жұмылдырылған. Тыстан шақыртылған погондылар уақытша арнайы қонақ үйлерде тұрып жатыр.
Қ.Қасымовтың баяндамысының соңы жиын залындағы және елдің әр өңірінен телекөпір арқылы көріп отырған азаматтардың сұрақ қоюымен жалғасты. Табандары тозық, өз құқығын даулап келгендер, әділет органдарының әділетсіздігіне "тойғандар" министрге жүгінді. Жемқорлықпен күресетін органдардың жемқорлығымен министрліктің қалай күресіп жатқанын білгісі келгендер, тәртіп сақшыларының айлығына көңілі толмайтын жандар, теледидарда мазақ қылу объектісіне айналған погондыларға жаны ашығандар, дерексіз алыпқашпа әңгімелердің жалған-шынына көз жеткізуді көздегендер сауалдарын қойды. Министр көбіне қысқа-нұсқа жауап қайтарып, кейбір маңызды сұрақтарды жеке қарайтынын жеткізді.
Үлгере алмағандар сұрақтарын министрлік порталына жолдап немесе сенім телефоны арқылы кез келген уақытта байланыса алады.