Кәсіпкерлерді қолдау кеңейеді

          «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер Палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев өңірлік кеңестің отырысында еліміздегі кәсіпкерлердің алдында тұрған міндеттер мен бірқатар өзекті мәселелер туралы алқалы жиын өткізді. Келелі кеңесте  отандық өнім өндірушілерге ортақ әрі көптен бері түйіні тарқатылмай келе жатқан  мәселе – қаржы қолжетімділігі бүгінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Ұлттық банк бірлесіп талқылап жатқаны мәлім болды.IMG_0377
          -Бұл коммерциялық банктердің мүддесі мен ақша-несие саясатына да қатысы бар, сондықтан жан-жақты әрі мұқият қарастыруды талап ететін мәселе. Бизнес қоғастықпен бірлесе отырып,  отандық кәсіпкерлерді тиімді қолдау шараларын әзірлейміз. Менің ұсынысым – өңірлік картаның елегінен өткен жобаларды бірінші кезекте қаржыландыру керек. Облыс басшылығымен өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін талқыладық. Қазір күш-жігерімізді қайда бағыттау керектігін түсіну қажет.  Басты міндет – ауыл шаруашылық  өнімдерін өңдеуді дұрыс жолға қойғанымыз жөн. Яғни, бұл бағыттағы кәсіпкерлердің жұмысын бәсеңдетпеу керек. Жобалардың толыққанды тізімін жасап, «Атамекен»  мен Үкімет арқылы серіктестерімізге, оның ішінде шетелдіктерге ұсына аламыз, – деді Тимур Құлыбаев.IMG_0366
         ҚР ҰКП төралқа төрағасы бүгінде министрліктер деңгейінде салық заңнамасында бизнес мүддесін ескеру мәселесі қаралып жатқанын мәлімдеді. Бұл костанайлық кәсіпкерлер үшін де өзекті мәселе. Палатаға келіп түсетін шағымдардың әрбір төртіншісі дәл осы салық салу мәселесіне қатысты. Атап айтқанда, тіркеу мерзімі заңды күшін жойған деп танылған, контрагенттермен жасалған мәмілелерге салынатын қосымша салымдар, ал экспортерлер ҚҚС қайтарылу процедураларының қиындығына жиі шағымданады.  «Елбасының тапсырмасы бар, сондай-ақ салық процедураларын жеңілдету, оның  кәсіпкерлерге кедергі келтірмеуі туралы Үкіметпен келісім бар. Бизнестің алдында тұрған мәселелерді бірлесіп шешу  үшін өзара байланысты күшейту керек.  Ең бастысы – кез келген кәсіпкер салық төлеуі тиіс, бұл басты міндетіміз.IMG_0314
       IMG_0394 Қазір ҰКП қосымша құн салығын қайтаруды анықтау кезінде тексерулер санын азайтуды ұсынып отыр. Бұл мәселені шешудің жалғыз жол – заңға орынды өзгертулер енгізу. Онымен  айналысып жатырмыз», – деді Тимур Құлыбаев.
         Жиынға келген кәсіпорын басшылары «Көліктік сервис орталығы» АҚ кірме жолдар қызметі үшін тарифтердің өсуі, монополияға қарсы ведомство тарапынан жиі тексерулер, ветеринарлық зертханаларды сертификаттау мәселелерін көтерді.IMG_0434
         Облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов ауыл шаруашылығы саласының түйткілді мәселелеріне тоқталды. Мәселен, көктемгі дала жұмыстары мен күзгі жиын-терімге қажетті  несие алу үшін кепілдіктің өтімсіздігі, саланы субсидиялауға қаржының жеткіліксіз бөлінуіне қатысты пікірін білдірді.   «Атамекен» ҰКП агроөнеркәсіп кешені және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Рүстем Құрманов аталған мәселелердің барлығы бақылауға алынып, қаралып жатқанын жеткізді.
        Жалпы, ҰКП елімізде жеңілдіктер негізінде несиелендіру жүргізетін шағын қаржы ұйымдарын ашу бастамасы да өңір кәсіпкерлерінің көңілінен шығып отыр. Сегіз айдың ішінде «Атамекен  Қостанай» шағын қаржыландыру ұйымы 344 млн теңге көлемінде  93 кәсіпкерге несие берген. Осының арқасында мал шаруашылығы, қоғамдық тамақтандыру, қызмет көрсету, жолаушы және көлік тасымалдау тәрізді ілкімді  жаңа жобалар пайда болды.
         «Қазір Үкімет қосымша 11 млрд теңге бөлгелі отыр. Біз ол қаржыны осындай ұйымдар құрылған өңірлерге бөлеміз. Егер Қостанай өңірі қаржыны игеруге дайын болса, біз ресурстарды көбейтеміз», – деді ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.IMG_0454       
IMG_0470  Тимур Құлыбаев Қостанайға іссапары барысында өткен жылдың соңында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанынан ашылған Кәсіпкерлерге қызметке көрсету орталығы мен «Баян Сұлу» кондитер фабрикасының  жұмысымен танысты. Бұл кәсіпорында жылына 65,6 мың тонна түрлі тәтті өнімдер шығарылады. Кәсіпорын басшысы Тимур Садықовтың айтуынша, жыл сайын компания өндіріс технологияларын жетілдіріп, жаңа өнім түрлерін шығарып келеді. Былтыр  «Баян Сұлу» АҚ инвестициялық жоба – бисквиттік цех іске қосылды.  Цех өнімі тұтынушылар тарапынан жоғары бағаланып, сұранысты молайтқан.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓