Жалған тіркеуге тұрғандарға айыппұл салынады
2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап мекен жайға жалған тіркеуге тұрған қазақстандықтарға айыппұл салынады.
Яғни, азаматтардың шын мәнінде тұрмайтын баспаналарға тіркелуіне тыйым салынатын болады. Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» жаңа кодексінде осындай норма қарастырылған. Басты мақсат – өз үйіне адам тіркеуді ақша көзіне айналдырғандар қатарын азайту. Талапты бұзған баспана иелерімен қатар, тіркеуге тұрушылар да айыппұл төлейді. Заңға сәйкес, тыйымды ескермеген үй иелеріне 5 АЕК, яғни 9910 теңге айыппұл салынады. Ал тіркеуге тұрғандарға қатысты салынатын айыппұл көлемі әлі бекітілген жоқ. Заң бұзушылар республика бойынша мекен жай мәліметтері базасы арқылы анықталады.