Ұрылар енді пайдасын көре алмайды

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ұялы телефондарды ұрлауға қарсы күрес туралы айтып берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. сотка"Ұялы телефонды ұрлауды пайдасы әрі мәнсіз ету бойынша шара қолданып жатырмыз. Ұрлған адам оны өзі пайдалана алмайтын немесе сата алмайтын болу керек. Қажетті шаралар жүзеге асырылып жатыр. Тек ұялы байланыс операторларымен шешетін техникалық және ұйымдастырушылық мәселелер бар", – дейді Қасымов халықпен есептік кездесуі кезінде. 
Оның айтуынша, Қазақстан телефон ұрлаумен күресудің шетелдік тәжірибесін зерттеді. 
"АҚШ-та ұялы телефондарды ешкім ұрламайды, өйткені пайдасыз. Оны ешбір оператор байланысқа шығармайды. Ал бізде операторлар қоса береді. Сондықтан біз ұрланған телефон пайдасыз пластик болып қалатындай етуіміз керек", – дейді министр. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓