Әлеуметтік мәртебеңді порталдан біл

Азаматтар міндетті медициналық сақтандыру шеңберіндегі өзінің әлеуметтік мәртебесін енді Egov порталында тексере алады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА, «Ұлттық ақпараттық технология» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. егофОл үшін әркім өзінің ЖСН-ін көрсету жеткілікті. Қызмет көрсету аясында сұрау салушыға «Жалдамалы жұмысшы», «Әлеуметтік төлем алушы», «18 жасқа дейінгі балалар», «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде тіркелген (ЖК, ШҚ)» әлеуметтік мәртебелерінің біреуі көрсетілген хабарлама жіберіледі, егер азамат ЖК немесе жұмысшы ретінде тіркелмеген болса, «Анықталмаған статус» деген хабарлама шығады. Сонымен қатар, әлеуметтік мәртебені анықтау кезінде, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайынғы төлемдер мен аударымдарды өткізетін тұлға туралы ақпарат шығады.
Осылай, мәртебесі «Әлеуметтік төлем алушы», «18 жасқа дейінгі балалар» ретінде анықталған тұлғалар үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайынғы төлемдер мен аударымдарды Мемлекет өткізетін болады.
«Жалдамалы жұмысшы» мәртебесі бар тұлғалар үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайынғы төлемдер мен аударымдарды 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс беруші өткізетін болады.
Әлеуметтік мәртебесі «Өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде тіркелген (ЖК, ШҚ)» ретінде анықталған тұлғалар 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне ай сайынғы төлемдер мен аударымдарды өздігінен өткізетін болады және бұл ретте ай сайынғы төлемдер мөлшері ең төменгі жалақының 2 еселенген мөлшерінің 5%-ын құрайды. 2017 жылы төлем мөлшері – айына 2446 теңге. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓