Қауіпке қарсы қам
Қостанай облысында көктемгі су тасқыны қаупіне қарсы инженерлік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, өзен арналары тазартылып, арналар кеңейтіліп, тереңдетіліп, су өткізу құрылыстары мен қалалық нөсер кәрізі және бөгеттер жөнделуде. Бұл туралы Қостанай облысы ТЖД бастығы Біржан Кәрімов брифингте мәлімет берді."Жүргізілген жұмыстармен су басудың ықтимал қаупі 6 елді мекенде алынып, 50 елді мекенде азайтылды, – деді спикер. – Су тасқыны зардаптарының алдын алу және жою үшін жергілікті атқарушы органдар 135 тоннадан астам ЖЖМ, 9 тонна инертті материалдар, 46 мыңға жуық қапшық дайындалды. Зардап шеккен халыққа азық-түлік жеткізуге 66 шарт жасалды".
ТЖД бастығының айтуынша, наурыздың үшінші онкүндігінде Әулиекөл, Жанкелдин, Наурызым, Қамысты, Қарасу және Б.Майлин ауданында мұз жару жұмыстары жүргізіледі. Аталған елді мекендердегі өзендердің барлығы 15 күрделі учаскесінің мұзын сөгіту жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, департамент облыс аумағында қар жамылғысының қалыңдығына ғарыштық мониторинг жүргізеді. Су тасқыны жағдайының жерүсті мониторингі де қолға алынған. Оны Қазгидромет (26 гидробекет) және барлық деңгейдегі әкімдіктер жүзеге асырады.