Тәулігіне – 15 өрт оқиғасы

Терек ұлпасының бұрқасыны өрт сөндірушілердің жұмысын көбейтіп отыр. Тез тұтанғыш мамықты қасақана өртеушілер көп. Әсіресе, жеке тұрғын үй маңдарында, гараж, автотұрақ қалтарыстарында оқыс оқиғалар жиі тіркелуде. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлімет береді.Тополиный пух в Москве"Ойын балаларын былай қойғанда, еріккен ересектердің ісі әбігерге салуда. Оның сыртында, шылымқорлар да темекі тұқылын, сөнбеген оттықты бейсауат тастап, төтенше жағдайдың тұтануына себепші болып жатыр. Кеше бір тәуліктің ішінде ғана өрт сөндірушілер 15 жердегі "ұлпа жалынымен" күресіп келді", – делінеді хабарламада.
Онымен күресудің жалғыз жолы – су шашып "жығып", бір жерге жинау. Желді күндері бұдан да пайда жоқ. Теректер басында ұлпалар әлі тұтасып тұр. Демек, бұл – өрт сөндірушілер мен ағзасы тітіркенгіш жандар үшін әбігер әлі бірер аптаға жалғасып, дәріханалардағы бетперде саудасы әзірге толастамайды деген сөз.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓