Қылмыскерлер құрықталды

Лисаков қаласындағы прокуратурада өткен баспасөз мәслихатында соңғы аптадағы атышулы қылмыстар туралы ақпарат берілді.
Еске сала кетейік, бірер күн бұрын екінші шағын ауданындағы жаңа балабақша аумағынан қала тұрғыны Константин Косяниктің өлі денесі табылған еді. Полицейлер күдіктінің ізіне түсіп, қылмыскерді құрықтады. Ол – бұрын істі болған 32 жастағы қала тұрғыны. 
Сондай-ақ, өткен демалыс күндері қаладағы "Орда" мейрамханасының алдында жаппай төбелес болып, біреуі пышақпен жарақаттанған. Жапа шегушінің қазіргі жағдайы тәуір. Күдікті қолға түсіп, тергелуде.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓