Міндет – жемқорлықтың алдын алу

Сарыкөл аудандық сотында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы" тақырыбында "дөңгелек үстел" өтті. Шараға судьялар мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
жемқор
"Дөңгелек үстелді" Сарыкөл аудандық сотының төрағасы Н.Жұмабаева ашып, "Сыбайлас жем-қорлыққа қарсы заңнамасы" тақырыбында баяндама жасап, қазіргі таңда мемлекет пен қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты көкейтесті мәселелерге тоқталды. "Нұр Отан" партиясының өкілі Л.Каменская азаматтардың партияға негізінен қандай мәселелермен жүгінетінін және мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттеріне шағымдар мен жүгінулер түспегенін жеткізді. Сарыкөл ауданы прокурорының көмекшісі Д.Жакупова аудан прокуратурасының сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға арналған жұмыстары туралы айтып берді.
 
Сарыкөл аудандық сотының баспасөз қызметі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓