Бір айда 18 көлік ұрланған

Қостанай облысының ІІД ұрланған көліктерді іздестіру барысында жүргізген акцияда бір ай ішінде 18 көлікті ұстаған. Заңсыз көліктері үшін алаяқтардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, көлік иелеріне қайтарылды,-деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметі.
-Тергеу жұмыстарында анықталғандай, қылмыс кешке жақын, тұрғын үй алаңқайларында орын алады. Темір тұлпарларды автотұрақта немесе гараждарға қойған жөн,-дейді полицей қызметкері Алексей Шевцов.7747508
Мысалы, Лисаков қаласында қазан айының 19-ы күні қарауылсыз тұрақтан автокөлік ұрланғаны белгілі болды. Қаладағы тәртіп сақышыларының көмегімен көлік сол күні табылды. Саусақ таңбалары арқылы қылмыскерді де қолға түсірді.
Аманқарағай ауылында да осындай жағдай орын алған. 21-ші қазанда алаяқтардың бірі қараусыз қалған «ВАЗ 21102» көілігін ұрлаған. Тұрғындар тез арада полицей қызметкерлеріне қоңырау шалады. Қылмыстың ізін суытпай, ұрыны құрықтап үлгереді. Новонежен ауылының тұрғыны көлікті, өз ауласына жасырған.
Полицей қызметкерлері көлік иелеріне сақ болуды ескертеді. Қараңғы көшелер мен бейтаныс аулада көліктерді қалдырмаңыздар.     

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓