Діни сауаттылықты арттыру үшін

Қостанай облыстық Аймағанбет қажы Спанұлы атындағы мешіттің мәжіліс залында бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен үстіміздегі жылы Астана қаласында жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» деп аталатын кітаптың тұсаукесеріне арналған басқосу өтті.IMG_7918Осы жиынға облыстық әкімдіктің дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Жанболат Үмбетов, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессорлары – Қалқаман Жақып, Ақылбек Шаяхмет және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты.
Аталмыш маңызды мәжілісті белгілі дін қайраткері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек қажы Тәжімбет ашты.IMG_7926Ол өз сөзінде елімізде өткен «Ислам және өркениет» тақырыбындағы ІІ форум жайлы тоқтала келіп, онда қабылданған «Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебі – Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» ұстанымын және «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» тұжырымдамасы жайлы баяндап өтті.
Сондай-ақ, қасиетті жұма күні көпшілік назарына ұсынылып отырған «Жаназа және жерлеу рәсімдері» деп аталатын кітаптың мазмұны, оның әрбір мұсылманның үйінде болуға тиістілігін сөз етті.IMG_7923Содан кейін Ақылбек Шаяхмет және Қалқаман Жақып тұсауы кесіліп отырған еңбектің маңыздылығын тілге тиек етіп, өз ойларын ортаға салды.
Әңгімеге арқау болған кітап жеті тараудан тұрады. Онда жаназаға қатысты қазіргі таңдағы білу қажет барлық жайлар жан-жақты қамтылған.
 
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓