Элеватор ғимараты бұзылады
Қостанайда ескірген элеватордың ғимараты сүрілетін болды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат", alau.kz сайтына сілтеме жасап.
(Alau.kz)
Қостанай әкімдігі қараусыз қалған элеватор ғимаратының иесі жоқ екендігін хабарлады. Балалар тап болған қайғылы жағдайлардан кейін ғимаратты сүру жөнінде шешім қабылданды.
«ТЖ кейін апатты ғимаратты жою жөнінде, ескі ғимарат орналасқан жер учаскесін жаңа нысандардың құрылысы үшін беруге шешім қабылданды», – деп көрсетілген әкімдікке жолданған сауалнама жауабында.
Солтүстік ҚР ІІМ ТЖК ӨС және АҚЖ басшысының орынбасары Сергей Шмидтің мәлімдеуінше, бұл ғимаратқа кіруге болмайды. Ол апатты жағдайда тұр. Айта кетейік, 15 мамыр күні Қостанайда төтенше жағдай болды. Ескі элеватор ғимаратында кішкентай қыз биіктен құлап, ауыр жарақат алды. Дәл осы ғимаратта бірнеше жыл бұрын тағы бір бала қайтыс болған.