Хабарландыру
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығын орындау шеңберінде осы жылдың мамырында Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтің Бейімбет Майлин ауданы және Рудный қаласының тұрғындарымен (4 мамырда); Қостанай ауданының тұрғындарымен (11 мамырда) кездесулері өтеді.
Халықпен алдағы кездесулерге дайындық шеңберінде: 8-775-683-16-94 (Kcell байланыс операторы) нөмірі бойынша Telegram және WhatsApp чаттары арқылы, #вопросы_на_встречу_акима хэштегі бойынша (https://instagram.com/arkhimed_mukhambetov?utm_medium=copy_link) облыс әкімінің Instagram парақшасындағы аккаунтқа сұрақтар мен ұсыныстарды қабылдау жүзеге асырылады.