Бірлігі жарасқан елім

OLYMPUS DIGITAL CAMERAҚазақстан – тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитаралы, зайырлы, дербес мемлекет. Оларды ортақ құрылымның аясына біріктірудің сара жолы – Қазақстан халқы Ассамблеясы. Ассамблеяны құру идея-сына Қазақстан қоғамының тарихи бастаулары алғышарт болды. Ел Президенті Н.Назарбаевтың бастамасымен орын алған бұл тарихи құбылыс өскелең ұрпақ пен  жас Қазақстанның дербес дамуына сеп болды.
Жаңа әрі теңдесі жоқ құрылымды іске асыру жұмыстары аймақтарда кіші ассамблеялар құрудан басталды. Қазақстан  халқы Ассамблеясы қоғамды топтастырушы тетіктердің біріне айналды. Шын мәнінде, ол ұлт-аралық келісімнің қазақстандық моделін жүзеге асырудың маңызды тетігі болды. 
20 жыл ішінде осы салада түрлі жұмыстар атқарылып, елдің елдігін ұлықтайтын іс-шаралар саны да жеткілікті.
Бүгінде елімізде этностардың мәдениеттері, тілдері, дәстүр-лерінің дамуына барлық қажетті жағдай жасалған.
Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар 800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық, 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар, 7 тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі. Сонымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді.
Татулық, бірлік, келісім – кез  келген ел үшін ең асыл іс. Қазақстан азаттық алғалы бері осы ұранды ту етіп келеді. Сол себепті бар байлығымызды ұлықтап, Елбасының игі шараларын ту етіп, барымызды қадірлеу, оны  дәріптеу ендігі жас ұрпақтың, елін сүйіп сыйлаған азаматтардың қолында.
Ел іргесі берік болсын десек, бірлігімізді сақтайық!
Арайлым ШАЯХМЕТОВА,
Чехов орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі.
Сарыкөл ауданы.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓