Абай болыңыз, Абай даңғылы!
"Қостанай таңы" газетінің өткен сандарының бірінен "Рудный көшелерінің аты қашан өзгереді?" деген мақаланы оқи отырып, осыдан 2 жыл бұрынғы оқиға есіме түсіп кетті.

Әттең… Қуанышым ұзаққа бармады. Ешқандай да өзгерген көше аты жоқ екен. Бұл жай ғана адамның күлкісін келтіріп, намысын қоздыратын жалған хабар екен.
Сол жазда қала басшылығының нұсқауымен Рудный қаласындағы ең әсем, ең үлкен Ленин атындағы көшеге жаңадан бағдаршамдар қойылыпты. Бағдаршамда "Абай болыңыз!" деген сөз тіркесі жазылған екен. Қала халқының сөздің анығына жетпей дау-рығып жүргені осы сөз тіркесі екен. "Абай"-дан шатасыпты… жергілікті халықтың мемлекеттік тілді үйренуі былай тұрсын, ең көп қолданылатын сөзді түсінбегеніне не айтарсың!
Міне, осылай! "Жаманның айтқаны келмейді, сандырағы келеді" деген емес пе? Сол сөз расқа шығып, сол көшеге данышпан Абай Құнанбаевтың есімі берілсе ғой, шіркін! Қадірменді қала басшылары, мәслихат депутаттары, өмірлеріңізде ұмытылмайтын бір "ерлік жасап" осы мәселенің шешімін тапсаңыздар екен.
Осы көше аттарын өзгерту мәселесі айта-айта әбден жауыр болды.
Рудный қаласының картасын ашып көріңізші, бір қазақтың атындағы көше таба алар ма екенсіз? Сонда біз қайда тұрып жатырмыз? Қазақстанда ма, жоқ әлде Ресейде ме?
Ардагүл Ержанова.
Рудный қаласы.