Ыстық су тоқтайды

Тамыз айының екінші жартысында Қостанай қаласында ыстық су беру тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ыстык су«Қостанай жылыту-энергетикалық компаниясы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мәлімдеуінше, қалада жылыту маусымына дайындық аясында, магистралдық жылу беру желілері жөнделеді және олардың жоғары қысымға дайындығы тексеріледі. 13-27 тамыз аралығында жылу көздері қондырғыларының жұмысы тоқтатылады. Осыған байланысты, «ҚЖЭК» МКК қала тұрғындарынан жерүсті жылу құбырларына жақын келмеуін сұрайды.
Атап айтқанда, 14-15 тамызда ЖЭО-ға қосылған жылу беру желілерінде (орталық); 16 тамыз күні №2 қазандыққа қосылған жылу беру желілерінде (қаланың солтүстік бөлігі); 17 тамызда №3 қазандыққа қосылған жылу беру желілерінде (қаланың оңтүстік бөлігі) сынақ жүргізіледі.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓