Торғайлықтар тасаттық берді

Аудан ақсақалдарының бастамасымен торғайлықтар құдайы шалып, тасаттық берді.
тасаттық-520x245
"Аллаға бер де жалбарын" деген осы. Ғибадат жасау жиынында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Т.Әубәкіров және Торғай ауылының әкімі Ғ.Сүндетбаев көпшіліктің ниеттерінің қабыл болуын Алладан тілеп, ізгі ниеттерін білдірді. "Оспанқожа әулие" мешітінің бас имамы үшін тағылымды уағыз айтты. Қарт ұстаз Қонақбай қажы Әлин ақ батасын берді. "Оспанқожа әулие" мешітінің жанынан ашылған жазғы сауат ашу курсының ұстазы Самғат Әділбекұлы Пайғамбарларымыз бен сақабаларына және Торғай өңірінен өткен аруақтарға құран бағыштады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓