Қиылыс уақытша жабылады
Қостанай қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі автокөліктер қозғалысының өзгеруіне қатысты ақпарат таратты.
Майлин көшесіндегі жолды әрлеу жұмыстарына байланысты 11-20 қыркүйек аралығында әл-Фараби-Майлин қиылысындағы жол жабылады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі тұрғындардан уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды. 11 қыркүйектен бастап қозғалыс Тәуелсіздік-Майлин қиылысында басталатыны туралы да айтылған хабарламада.