Челябі-Қостанай әріптестігі жанданады

Ресей мен Қазақстан кәсіпкерлерінің арасындағы экономикалық қарым-қатынасты арттыру мақсатында екі ел арасындағы іскерлік кездесу басталды. 8b764f73-abe4-4adc-8c19-148c4aedad80Қазакстанның Ресейдегі елшілігі мен ҚР инвестиция және даму минстрлігі, ҚР ауылшаруашылық министрлігінің мұрындық болуымен Челябі және Қостанай облысы өкілдері кездесті. Олар қазақстандық өнімнің Ресей нарығына шығу жүйесін талқылады. Біздің делегация құрамында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Омбы облысындағы ҚР елшісі Эльдар Қонаев және "Атамекен" ҰКП басқармасы төрағасының кеңесшісі, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы басқармасының өкілі Салтанат Аханова, Қостанай аймақтық кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов, "Kazakh Invest" ҰК" АҚ басқармасы басшысының орынбасары Мейіржан Майкенов, сондай-ақ, ауылшаруашылық саласында еңбек етіп жүрген азаматтар бар. 0db6279d-7545-4aed-8bfa-8ca0650fa562

c2ec7a66-38cf-43cb-ace6-588362cdf603Кездесу барысында 4 бірдей жаңа инвестициялық жоба таныстырылады. Сондай-ақ, қос ел арасындағы экономикалық маңызды сұрақтар қаралды. Сонымен қатар, А.Б. Мұхамбетов бүгін сағат 15.30-да губернатор Борис Дубровскиймен, Челябі облысы билігімен ресми кездесу өткізбек. c377b073-bc26-4a57-a904-f6d508b6c2ef
2e82c81e-3a5b-4c22-bcaa-594c0d4c3defТолығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.
 
Кенже Қонысбай.
РФ, Челябі облысы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓