Есе қайтаруға мүмкіндік

Ағымдағы жылдың тамыз айында Гамбургте өтетін бокстан әлем чемпионатында Василий Левит пен Евгений Тищенко кездесуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  в левитҚР Бокс федерациясының хабарлауынша, бокстан ҚР Президенті кубогы үшін халықаралық турнирдің ашылу рәсімне арналған баспасөз мәслихатында AIBA-ның халықаралық санаттағы судьясы Валерий Рачков бүгін басталған байрақты бәсеке қыздар арасында қарашада өтетін Азия чемпионаты мен ерлер арасында тамызда өтетін әлем чемионатына дайындық өткізу үшін зор мүмкіндік екендігін айтты.
«Естеріңізде болса Рио Олимпидасында Левит пен ресейлік боксшының жекпе-жегі БАҚ-та үлкен дүрбелең тудырған еді. Барлығына да Василийдің жеңгені анық көрініп тұрды. Ал бүгінгі турнирде ол Токиоға дайындығын бастайды және біз оның әлеуетін байқайтын боламыз», – деді Рачков.левит
Ал еліміздің ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов Гамбургте өтетін әлем чемпионатының жартылай немесе финалында Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенконың кездесуі күтілетіндігін баса айтты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓