Пәтерлесін атып тастады

Оқиға Қостанай ауданының Жақсылық ауылында болған. Облыстық прокуратураның мәліметінше, айыпкер әйел өзімен бірге тұратын ер кісіге қару кезеніп, қолын қанға бояған.тоз34
Іс материалына сүйенсек, төтенше жағдай 12 сәуірде түн мезгілінде болған. Екеуі де алкогольдік ішімдікке сылқия тойып алған. Араларында ұрыс шығады. Шыдамай кеткен әйел сейфтен 12 калибрлі «ТОЗ 34» маркалы аңшылық мылтығын алып шығып, үш аттам қашықтықтан ер адамның кеуде тұсынан атады. Жәбірленуші оқиға орнында жан тапсырған. Дәл сол күні қылмыскер қолға түсіп, Рудный ІІБ уақытша қамау изоляторына екі айға тоғытылған. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓