“Ел басқару жөнінде” кітабының тұсаукесері өтпек
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында (Ә.Бөкейхан көшесі, 10) Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің қазақ тіліне тәржімаланған «Ел басқару жөнінде» кітабының тұсаукесері өтеді. Шараны Елбасы кітапханасының Талдау орталығы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты және Қытайды зерттеу орталығы ұйымдастырып отыр. Басылымды қазақ тіліне ҚХР ұлттар баспа үйі аударған.Тұсаукесер рәсімін Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі басшысының орынбасары Бақытжан Темірболат, Қазақстандағы ҚХР Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Ханьхой, ҚХР Мемлекеттік кеңесі Баспасөз-кеңсесі жаһандық коммуникациялар бюросы бас директорының орынбасары Туо Жень ашады.
Кітаптың таныстырылымы биылғы 8 маусымда ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Астанаға ресми сапармен келуіне орай ұйымдастырылып отыр.
«Ел басқару жөнінде» – ҚКП ОК бас хатшысы Си Цзиньпиннің көпшілік алдында сөйлеген 79 сөзі, сұхбаты мен баяндамасы енген ҚХР төрағасының алғашқы кітабы. Әлемдік дамудың көшбасшысына айналған Қытайдағы мемлекеттік реформаларға арналған басылымға жер-жаһан жұртшылығы тарапынан қызығушылық артты. Бүгінде кітап әлемнің 25 тіліне (ағылшын, араб, испан, неміс, жапон, кәріс, т.б.) аударылып отыр.
Шараға қатысушылар Си Цзиньпиннің «Ел басқару жөнінде» кітабын қазақ тілінде шығарушыларға сұрақтарын жолдай алады. Таныстырылымға келген меймандарға басылымның алғашқы данасы сыйға тартылмақ.
Шара 5 маусым күні, сағат 10:30-да басталады
Мекенжайы: Астана қ., Ә.Бөкейхан көшесі, 10