Тың талап, соны стандарт

Қостанай облысында 1 шілдеге дейін барлық мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдар ескі үлгідегі елтаңбаны ауыстыруы қажет. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында облыстық техникалық реттеу және метрология департаменті басшысының міндетін атқарушы Әсия Жарманова баяндады.елтанба
Сондай-ақ, жаңа елтаңбаны барлық мекемелер өз бюджеттерінен жаңалайды. Ол үшін Үкіметтен ешқандай артық ақша бөлінбейді. Елтаңба жаңа стандарттарға сай болу керек. Жалпы түстерді тексеру жұмыстары бұрынғыдай халықаралық Pantone атласымен емес, спектрофотометр құралымен тексерілетін болды.
– Жаңа Елтаңбада әр элементтің пропорционалды түрде орналасуы қарастырылды. Атап айтқанда тұлпардың айдары, көзі, кеңсірігі Елтаңбаның қырында орналасқандықтан дұрыс көрініс бермеген еді. Енді ҚР СТ 989 – 2008 бойынша дайындалған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасына көшеміз. Жаңа рәмізді 41 элемент құрайды. Олардың әрқайсысының өз атаулары бар. Бірнеше мемлекеттік мекемелер 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа стандартқа көшкен. Рәмізді ауыстыру жөнінде мемлекеттік қызметкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Облыстық ішкі саясат басқармасымен бірге кейбір мемлекеттік мекемелерді аралап, аудандар мен қалалардың әкімдеріне осы мәселеге қатысты хат жолдадық, – деді Әсия Жарманова.
Еске салайық, Қостанайда Елтаңба дайындайтын бір ғана цех бар. Ол – "ТБС КАПИТАЛ ТРЕЙДИНГ" ЖШС. 
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓