Арқалық қаласын дамыту жоспары әзірленді

Арқалық қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында кешенді жоспар жобасы әзірленді. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бұрынғы Торғай облысының құрамына кірген Арқалық қаласын, Амангелді және Жангелді аудандарын әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында тиісті кешенді жоспар жобасы әзірленді. Көрсетілген жоба жалпы сомасы 504,6 млрд теңгені құрайтын 138 іс-шарадан тұрады және қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен келісілуде. Келісілгеннен кейін ол Республикалық бюджет комиссиясының отырысына шығарылатын болады», – деп атап өтеді Үкімет басшысы.
Премьер-Министр өңірдің жолдарын, инженерлік-коммуникациялық инфрақұлымын, ұялы байланысы мен интернетін дамытуға, газификациялауға, өндіріс әлеуетін арттыруға, Арқалық қаласының политехникалық колледжін материалдықтехникалық қамтамасыз етуге, денсаулық сақтау жүйесін және агроөнеркәсіп кешенін дамытуға және қабылданатын іс-шараларға қатысты неғұрлым толық ақпарат депутаттарға қосымша жолданатындығын атап өтеді.
«Жалпы жоғарыда көрсетілген мәселелер Үкіметтің ұдайы бақылауында және оларды шешу бойынша жұмыс одан әрі жалғасатын болады», – деді ол.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓