Жаңа демалыс орны ашылмақ

Қостанай қаласында тағы бір жағажай ашылмақ. Қазір облыс орталығында жаңа мекенді абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Alau.kz.20170530_123603-681x511Бұл туралы өткен жылы хабарланған болатын. Ол кезде тек өзен жағасының нобайы ғана жасалған еді. Демалыс алаңы Тобылдың оң жақ жағалауында, қазіргі қалалық жағажайға қарама-қарсы орналаспақ. Әл-әзір құрылыс жұмыстары қызу жүруде.
Бұл нысанға қалалық бюджеттен 280 млн теңге бөлінген. Соңғы ақпараттарға сүйенсек, мұнда сауда павильоны және құтқарушылар мен өрт қауіпсіздігін қадағалайтын пункт болады. Сондай-ақ, волейболға арналған екі бірдей алаң салынуы мүмкін.
-Негізгі жұмыстар 2016 жылдың күзінде басталған. Былтыр қыруар жұмыс атқардық. Келісім-шарт бойынша биыл қазан айында аяқтау керек, бірақ біз жобамен шілдеде бітреміз деп отырмыз,-дейді Қостанай қалалық ТКШ бөлімінің инспекторы Нұрлан Есіркепов. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓