Мұсылмандар матчы

Рудный қаласында өткен тар алаңдағы теңбіл доп матчын Діни мәселелерді зерттеу орталығы, "Социум&Я" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып, қалалық "Нұр" мешіті үлкен қолдау білдірді. Футбол ойыны "Олимп" спорт кешенінде өтті. футбол
Матчқа 11 команда қатысты. Атап айтқанда, облыстық мешіттен – екі, Қостанай ауданынан – екі, Қостанай, Рудный, Лисаков қалаларынан, Әулиекөл, Науырзым, Таран аудандарынан және Қашар кентінен бір-бір команда жасақталған. Ойын тартысты өтті. Қорытындысында, алаң иелері – "Нұр" мешіті жеңімпаз атанды. Бас жүлдеге теледидар тігілген еді. Ал екінші орынды қашарлықтар, Әулиекөл ауданының командасы үшінші орынды иеленді.
Ұйымдастырушылар мұндай жарыстарды өткізуді жыл сайынғы дәстүрге айналдыруға ниетті.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓