Облыс әкімі Денисов ауданына барды (ЖАҢАРТЫЛДЫ)

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов іссапармен Денисов ауданында болды. Өңір басшысы Қарабұтақ-Қостанай тас жолына жасалып жатқан күрделі жөндеу жұмысының барысымен танысты. Сондай-ақ, осы жолдың 385 шақырымындағы Тобыл өзені үстімен өтетін көпір құрылысын бақылап, барынша тезірек бітіруді тапсырды. DSC_1025
DSC_1031Көпірдің жалпы ұзындығы – 231 метр. Көпке шыдамды, сапасы жоғары дейді «Қостанай жолдары» мердігерлік компаниясының басшысы Серік Қарабеков. Беріктігі үшін 7 бағана орнатпақ. Қарабұтақ-Қостанай тас жолы мен көпір құрылысына бас-аяғы 5 млрд 857 млн бөлінген.DSC_1046
DSC_1040
DSC_1027Сонымен қатар, Архимед Бегежанұлы былтыр ғана күрделі жөндеу жұмыстары жасалған №2 Денисов орта мектебіне бас сұқты. Білім ошағы 1987 жылы ашылған.DSC_1074-Мектебімізге өткен жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жасалды. Әуелі 96 млн теңгеге мектептің ішін жөнге келтірді. Есік-терезелерін ауыстырып, еденді жаңартты. Содан 142 млн теңгеге ауласын абаттандырды,-дейді мектеп директоры Эскандер Мудесиров.
Жалпы, теріскей ауданда 9 бірдей білім мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары жасалған. Облыс әкімі жалғыз бюджет қаржысына ғана қарап отырмай, жерігілікті кәсіпкерлер мен меценаттарды тарту керек екенін айтты. Сондай-ақ, ауданның білім деңгейін көтеруді ескертті.DSC_1087Бұған қоса, өңір басшысы ауданға қарасты Алчанов және Антонов ауылдарындағы газ тарату желілерінің құрылысын арнайы барып тексерді. Мердігерлер Алчанов ауылындағы жұмысты тамыз айында, Антоновта қарашада бітіреміз деп отыр, бірақ облыс әкімі одан да ертерек аяқтауды тапсырды.DSC_0007-Алчановта абоненттер саны көп емес, сондықтан шілдеге дейін үлгеруге болады. Қалған елді мекенде де солай, ертерек бітіруге тырысыңыздар,-деді А.Мұхамбетов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓