Асық ойнап жарысты
«Нұр Отан партиясы Қостанай облыстық және қалалық филиалының қызметкерлері қалалық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне ұлттық ойындар түрлерінен шеберлік сыныбын ұйымдастырды. Партиялықтар бұл шараны «Бақытты отбасы – Бақытты балалық шақ» жобасы аясында өткізіп отыр.Нұротандықтар балаларға тоғызқұмалақ және асық ату ойындарының әдіс-тәсілдерін үйретті. Үлкендердің бұл қамқорлығына балалар да дән риза. Шеберлік сыныбының қызықты өткенін бәрі жамыраса айтып жатты.-Біз партиямен бірлесіп ұлттық ойындардан түрлі жарыстар, шеберлік сыныптарын өткіземіз. Ұлттық ойындар – қазақ мәдениетінің алтын қазынасы. Ұлттық құндылықтардан нәр алған балалар қоғамда өзін өзі дұрыс ұстауды, үлкендерге құрмет қөрсетуді үйренеді,-деді Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты туризм және спорт факультетінің аға оқытушысы Каршал Төлегенұлы.Тоғызқұмалақ логикалық ойлауды арттырып, асық ату мергендікке баулиды. Ұлттық ойындарымыздың ой-өрістің дамуын жеделдететіні әлде қашан дәлелденген.
Қымбат ДОСЖАНОВА