COVID-19: +78

5 желтоқсанда Қостанай облысында 78 адам коронавирусқа шалдыққан.коронавирус дайын фотоСырқат тырнағына Қостанай қ. – 37 адам, Лисақов қ. – 10, Рудный қ. – 8, Денисов ауданында – 8, Әулиекөл ауданында – 6, Жітіқара қ. – 4, Қостанай ауданында – 3, Алтынсарин ауданында 2 адам іліккен.  
67 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 6 адам коронавирус инфекциясы расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 5 адам эпидемиологиялық мақсатта тексерілген. 
Індет жұқтырғандардың ішінде 62 адамда аурудың белгілері болды, 16 адам симптомсыз түріне шалдыққан.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 5 желтоқсан аралығында COVID-19-ды  5804 адам жұқтырып, 4282 адам емделіп шықты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓