Электр желілеріне қосылу үрдісі

"Қостанай таңы" газетінің редакциясына оқырмандар элетрмен жабдықтау желілеріне қосылу үрдістері, сол сияқты электрмен жабдықтаудың сенімділігін жақсартуға арналған Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының нормаларын түсіндіру  туралы  сауал жолдаған еді.  Қойылған сұрақтарға жауап алу үшін біз "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне қарасты Атомдық және энергетикалық қадағалаумен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша Аумақтық департаменті" ММ басшысы Нұрлан Дарабайұлы Қуатовқа жолықтық.
– Нұрлан  Дарабайұлы,  электр желілеріне қосылу туралы айтып берсеңіз.
– Электр энергиясын пайдалану ережесінде электр желілеріне қосылу үрдісі жөніндегі электр өндірушілерінің, электр берушілерінің, электрмен қамтамасыз ету ұйымдары мен тұтынушылардың республика аймағында қолдану тәртібі көрсетілген. Электр беруші немесе электр өндіру өндіруші ұйымдар электр желісіне қосылуға көппәтерлі үйлерден басқа әрбір тұтынушыға техникалық шарттар береді.электр Ал көппәтерлі үйлерге техникалық шарттар кондоминимум объектісін басқару органының уәкілетті өкіліне береді. Техникалық шарт тұтынушының электр желісіне қосылуына, оның өтініші негізінде электр желілеріне жаңа енгізілген  немесе  жаңартылған  электр қондырғыларын энергия өндіруші электр желісіне қосылуға беріледі. Өтініш тұтынылатын электр қуаты бұрын берілген техникалық шарттарды белгіленген қуаттан артқанда қанағаттандырылады. Сол сияқты электрмен сырттан жобдықтау схемасы өзгергенде қанағаттандырылады.
– Техникалық шартты беру және жобаның келісу шешімін орындау мерзімі белгіленген бе? Сол сияқты көрсетілген ресім ақылы ма немесе төлем ақы алынбай ма?
– Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым өтінім алынғаннан кейін төмендегі мерзімде жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді:
-Қуаты 200 кВт  дейінгі электр қондырғыларына 5 жұмыс күні ішінде; 
-Қуаты 200 кВт дан – 1000 кВт арасындағы электр қондырғыларына 10 жұмыс күні ішінде; 
-1000 кВт жоғары электр қондырғыларына – 15 жұмыс күні ішінде.
Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін төлем ақы алынбайды.
Тұтынушылардың электр қондырғыларының құрылына, реконструкциясына немесе жаңартылуына арналған жобалау құжаттамасы құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғанға дейін техникалық шарттарды берген энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйымымен келісіледі.лампа
Электр қондырғыларының жобалық шешімдері берілген шарттарға сәйкестігі төмендегідей мерзімде келісіледі:
-Қуаты 200 кВт дейінгі  электр қондырғылары 3 жұмыс күні ішінде; 
-Қуаты 200 кВт дан – 1000 кВт аралығында электр қондырғылары 7 жұмыс күні ішінде; 
-Қуаты 1000  кВт  жоғары электр қондырғылары 12 жұмыс күні ішінде.
  Электр қондырғылары тұтынушылардың электр желілеріне қосылатын қосалқы тұтынушылар тұтынушыға берілген техникалық шарттарды берген энергия беруші  (энергия өндіруші) ұйымымен келісіледі.
– Нұрлан Дарабайұлы,  энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйымдарының бұдан әрі  тұтынушылардың  электр қондырғыларын электр желісіне қосылуындағы іс-әрекеттері туралы айтып өтсеңіз.
– Ережеге сәйкес, тұтынушылардың барлық жаңадан желіге қосылатын және қайта құрылатын электр қондырғылары    жобалық және техникалық қабылдау-тапсыру құжаттамасына сәйкес орындалады.
Электр қондырғылары пайдалануға енгізілгенге дейін қабылдау-тапсыру сынағынан өтеді және тұтынушы оны құрастыру-реттеу ұйымынан акты бойынша қабылдайды.
Энергия беруші ұйым тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануға қосу барысында төмендегідей мерзімде кернеу жібереді. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым сырттай қосылу және электр энергиясын коммерциялық есепке алу жүйесін пайдалануға беру туралы материалдар  ұсынғаннан кейінгі  1(бір) жұмыс күні ішінде тексеріп байқайды. Энергиямен қамтамасыз етуші ұйым энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымды электрмен қамтамасыз ету шартын жасасу туралы  1(бір) жұмыс күні ішінде хабарлайды. Энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым электрмен қамтамасыз ету шартына қол қойылған күннен кейінгі 1(бір) жұмыс күні ішінде тұтынушының электр қондырғыларына кернеу жібереді.
Тұтынушыға электр энергиясын қосу және жіберу тек коммерциялық есепке алу жүйесі орындалғаннан кейін жүзеге асырылады.
Электр қондырылғыларын  пайдалануға  беру тұтынушыда тиісті біліктіліктегі электр техникалық қызмет көрсету қызметкері  және электр қондырғысының сенімді, қауіпсіз жұмысына жауапты тұлға немесе тұрмыстық тұтынушыларды қоспағанда, қолданыстағы электр қондырғыларының жұмысына кіруге рұқсат етілген қызметкерлер құрамы бар ұйыммен жасасқан электр қондырғыға қызмет көрсету шарты болғанда ғана рұқсат етіледі.     
Тұтынушылардың электр қондырғыларында құрастырудағы кемшіліктер, берілген техникалық шарттардан, жобалық құжаттамадан және нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарынан ауытқу, электр қондырғыларының сенімді, қауіпсіз жұмысына жауапты тұлғаның, электр қондырғылары пайдалануға берілмейді.
– Біз Қазақстан Республикасы заңнамасындағы электр энергетикасы саласындағы өзгерістер туралы естідік. Ол туралы не айтар едіңіз?
– Елімізде кәсіпкерлікті жүргізуді түбегейлі жақсарту бойынша мемлекеттік саясат аясында және электр энергиясымен жабдықтау желілеріне қосылу рәсімен жеңілдету мақсатында, сондай-ақ "Doing Business" халықаралық рейтингінде Қазақстанның позициясын жақсарту үшін ҚР заңнамалық актілеріне бірқатар өзгертулер мен қосымшалар енгізілді. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің өкімімен 2016-2017 жылдарға арналған Дүниежүзілік Банктің "Doing Business" рейтингісінің индикаторларын жақсарту жөнінде кешенді жоспар бекітілген.
Электрмен жабдықтау желілеріне қосылу үрдістерін жеңілдету және электрмен жабдықтаудың сенімділігін жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілді:
-Электрмен жабдықтау желілеріне қосылуға арналған техниқалық талаптарды беру мерзімі қысқартылды (электр қондырғылары 200 кВт-қа дейінгі қуатымен орнатылған тұтынушыларға 14 күннен 5 күнге дейін);
-Энергия таратушы ұйымдармен тұтынушылардың жобалық шешімдерін келісу мерзімі қысқартылды (электр қондырғылары 200 кВт-қа дейінгі қуатымен орнатылған тұтынушыларға 20 күннен 3 күнге дейін);
-Электр желілеріне қосылуға энергетикалық қадағалау мен бақылау мемлекеттік органнан рұқсат алу қажеттігі алынып тасталды;
 -Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен электрмен жабдықтауға арналған шарт жасасу мерзімі қысқартылды (7 күннен 3 күнге дейін);111
Осылайша, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу мерзімі 30 күннен астам уақытқа қысқартылды.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес, 2 электрмен жабдықтау желісіне қосылу кезінде 2 үрдіс қысқартылды, олар:
– мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы берген құрылыс-монтаждау жұмыстарына рұқсат алу;
-энергетикалық бақылау жөніндегі мемлекеттік орган берген электр желілеріне қосылуына рұқсат алу.
       ҚР Энергетика министрінің 2016 жылғы 7 желтоқсандағы №521 бұйрығына сәйкес, Электр энергиясын пайдалану қағидаларынан электр қондырғыларын пайдалануға енгізбес бұрын электр қондырғыларына энергетиқалық сараптама жүргізу туралы 22-тармағы алынып тасталады.    
         ҚР Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 мамырдағы №214 бұйрығымен, электрмен жабдықтаудың се-німділігі көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін, сондай-ақ оларды айқындау қағидалары бекітілген. Осы қағидаларға сәйкес, энергия беруші үйымдарға электрмен жабдықтау сенімділігінің бекітілген көрсеткіштерін асырғаны үшін энергия беруші ұйымның басшыларына айыппұл түрінде жауапкершілік бекітілді.
Электрмен жабдықтау қызметтерінің сенімділігін бағалау үшін пайдаланылатын электрмен жабдықтау сенімділігінің көрсеткіштері ретінде бір тұтынушыға бір күнтізбелік жылға өшіру санының орташа көрсеткіші және бір тұтынушыға бір күнтізбелік жылға өшірудің орташа ұзақтығының көрсеткіші пайдаланылады.
2016 жылы 29 наурызда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштерінің нормативтік мәндерінен асып кетуі энергия беруші ұйымның бірінші басшыларына 125 АЕК мөлшерінде айыппұлмен жауапкершілік қарастырылған 300-1 бабымен (Энергия беруші ұйымдардың электрмен жабдықтаудың сенімділік көрсеткіштерінің бекітілген нормативтік мәндерінен асып кетуі) толықтырылды.
ҚР Энергетика министрлігі электрмен жабдықтау желілеріне қосылу үрдістерін оңтайландыру үшін халықаралық тәжірибені зерттеу жұмыстарын жалғастыруда.
– Электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық актілері орындалуына кім жауап береді және қалай бақылау жасалынады?
– Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша Аумақтық департаменті тұтынушыларды электр энергиясымен қанағаттандыру, электр энергиясын беру, сол сияқты энергетиқалық ұйымдардың электр желілеріне қосылған электрмен жабдықтаудың сенімділігін жақсартуын ҚР заңнамасы талаптарының орындалу мерзімінің сақталуын анықтайтын мониторинг өткізіп отырады.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓