Бүкіләлемдік бокс сериясы – Қостанайда!
3 маусым күні Қостанайдағы Спорт сарайында бүкіләлемдік бокс сериясының жартылай финалдық сындарының алғашқы кезеңі өтеді. Турнирде «Астана арланс» клубында өнер көрсетіп жүрген жерлесміміз Антон Пинчук ел намысын қорғайды. Боксты әлемнің 47 елі тікелей эфирде көрсетуге ниет білдіріп отыр. Матч кешкі сағат 17.00-де басталады. Билет құны 1000-2000 теңге аралығында. Тартысты доданы келіп, көрем деушілер билеттерді Спорт сарайының кассасынан алуға болады. Ал жартылай финалдық сындардың екінші кезеңі Ұлыбритания астанасы – Лондонда өтеді.
-Антон Пинчук осының алдындағы жарыста ауыр жарақаттанып қалған еді. Соған қарамастан ол жерлестеріне үлкен сый жасағасы келді. Жалпы, бұл біздің облыс үшін үлкен маңызды шара болғалы тұр. Өйткені, бұрын-соңды Тобыл өңірінде мұндай ірі бәсеке болып көрмеген. Жоспар бойынша шаршы алаңға шығатын бес жұп алты раунд қолғап түйістіретін болады, – дейді облыстық спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Евгений Вильямс.