Ішімдіктің кесірі

Арақтың адамға әкелген пайдасы жоқ, болмайтын да шығар. Оның кесірінен талай адамның тағдырына балта шабылған оқиғалар аз емес. Мастықтың салдарынан заң бұзып, екі ер азамат сот алдына келіп, жазаға тартылды.алкоголь
Екі жылға темір тұлпар басқару құқынан айрылған кеншілер қаласының тұрғыны қаңтар айында ішімдікке сылқия тойып алып автокөлік роліне отырған.
Қала көшелерімен жүйткіп келе жатып, бірінде солға бұрылмақ болады. Темір тұлпарын басқара алмай, жарық орнатылған бағанға соғылған. Жолай сол маңдағы «Горняк» қонақ үйінің орындықтарын сыпырып кеткен. Нәтижесінде 36 жасар азамат «Горняк КСО» ЖШС материалдық шығын келтірді.
Айыпталушы келтірілген шығынды қайтарып, өз кінәсын мойындап отыр. 
Рудный қалалық соты оны қылмыстық қылық жасауда айыпты деп танып, 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 198 200 теңге айып пұл төлеу жазасына кесті. Сотталушы айып сомасын 15 күн ішінде төлеуге міндетті. Сонымен қоса енді ол 3 жылға дейін темір тұлпар басқару құқынан айрылды.prigovor
Тағы бір дерекке тоқталсақ.  Амангелді аудандық сотында Үрпек ауылының тұрғынына қатысты істі қарап, үкім шығарды.
Спирттік ішімдік ішкен 45 жасар азамат Үрпек ауылындағы Жаңа ауыл орта мектебінің қызметкерлерін балағаттаған. Онысымен қоймай, білім ордасынан шығып, мектеп терезесі мен сол маңда тұрған авто көлікті шынысын сындырған.
Сот үкімімен бұзақылық жасаған құқық бұзушы 5 тәулікке қамауға алынды.
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓