Қасірет тағылым
Ғаламдағы адамзат баласының бастан кешкен қасірет-қайғысының дені – сыртқы күш емес, адам баласының өз қолымен жасаған қысастық. Соның ішіндегі ең сұмдығы – аштық, қуғын-сүргін. Сондықтан қазақ: "Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама", "Аштықтан адамның тәні азып еді, жаны да азып, ес кетіп, адамгершілік жоғалып, адам хайуаннан да жаман болып кетті…" (А. Байтұрсынов) дейді.
Қазақ мұндай зор қасіретке әсіресе 1931-32 жылдары душар болған. Базарда адамның, тышқанның, иттің етіне дейін сатқан. Қазақ халқының елу пайызға жуығы көмусіз, бала мен ананың сүйегі далада шашылып қалды. Ең қасіретті зұлматта (1937-1938) саяси қуғын-сүргінде адам адамды тірідей азаптады, зорлық-қорлық көрсетті. Кеудесінде жаны барлардың бірсыпырасы жер ауды, қашты, босып кетті. Ұлттың жігері тапталды, жан-тәнін қорқыныш, үрей тұншықтырды.
Қуғын-сүргін жылдары "Іштен шыққан жау жаман" болды. "Абақтыға жапқаны, дарға асқаны, шапқаны ештеңе емес. Бәрінен де маған өз ауылымның иттерінің үріп қапқаны қатты батады" (А.Байтұрсынов). Ауылдас, жора-жолдас, туған-туыстар бірін-бірі сатып кетті. Сондайды көре тұра ел ішіндегі беделді адамдар жақ аша алмады. "Өртте жүріп сабырлы болу – мақтауға сыймайды" (Ә.Бөкейханов). Қазақы болмыс тоқырауға ұшырады: көнбістік, табансыздық, сатқындық, мінезсіздік…
Қазақ осындай күйге түскенде, сол заманда былайғы дүниежүзінде не болып жатты?
Бақсақ, әлемде жан түршігерлік сұмдықтар болыпты. Сол 32 жылдары бүгінде аузын айға білеген Америка 1929 жылдың 24 қазанында "қара бейсенбі" деп аталған Нью-Йорк биржа қорының күйреуінен бастап "ұлы депрессияға" ұшырайды. Банк, кәсіпорындарды жайлаған банкроттық адамдарды өзіне қол жұмсауға мәжбүрлеген. "Банкирлер –Джеймс Риордан мен Джесси Ливермор атылып өледі. Одан кейін қол ұстасып биік үйдің төбесінен клерктер секіріп өледі. Дағдарыс өрті ауылдық жерлерді де шарпыды. Қарызға тұншыққан, салық төлеуге дәрменсіз 5 млн фермер жерінен айырылады. Қалалық жерлердегі америкалықтар аштан бұралса, ауылдағылар ет, сүт, көкөністерін кімге сатарын білмеді. Табанынан таусылып жұмыс іздеп, кешке етегіне сүрініп үйіне жеткенде Русел Вард есінен танып қалды: ашқұрсақ әйелі шиеттей төрт баласын револьвермен басынан атып, соңында өзін де өлтіріп, ас бөлмесін қызыл қанға бөктірген". ("УЩВ") Ұлы депрессия кезінде АҚШ-та аштықтан 7,4 млн адам көз жұмады.
Оның ішінде үндістер мен негрлер қынадай қырылған. Осының бәрінің себебі – АҚШ үкіметі мен ат төбеліндей буржуазиясы өндіріс атаулыны әдейі құлдыратып, дағдарысқа ұшыратып, тек қара басын байытуды көздеген. Адамдарды аштан өлтіріп, қомақты капиталға ие болды. АҚШ ресми статистикасы 8 млн адамды санаққа кіргізбей тастаған. Әлі күнге дейін АҚШ өз еліндегі қасіретті жауып-жасырып, әлемнің өзге елдердегі аш-жалаңаштықты айыптап, төрелік айтудан танар емес.
Бір парадокс – қызыл қанды судай ағызып, жойқын адам трагедиясын жасаған америкалықтар (АҚШ) әлемдегі ең ірі, күші зор, алпауыт мемлекетке айналды.
Ал Еуропадағы аштықтың салдары да азапты болды. Польша, Венгрия, Чехия, Словакия қатты күйзелді. Испанияда 1932 жылдың қарашасында Каталония және Тарагонның 6 мыңнан артық ашқұрсақ шаруасы ел астанасына жорыққа аттанады. Жол-жөнекей помещиктердің үй-мүлкі, шаруа-жайын талқандап өтеді. Тағы сол пародокс – елдегі экономикалық құлдырау, аштық салдары генерал Франко бастаған фашистерге билік тізгінін ұстатты.
В 1932 жылы Германияда 8 миллионға жуық адам жұмыссыз қалып, оның тең жартысы аштыққа ұшыраған. Олар топтанып, азық-түлік дүкендерін, фермелердің қоймасын тонаған. Тағы да сондай парадокс – аштық, экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық пен саяси тығырық 1933 жылы Германияның үкіметіне Гитлер бастаған фашистерді алып келді. Ал Гитлер 6 миллион еврейді асты, атты, Освенцимде тірідей бала-шағасымен өртеді. Түп-тұқиянымен жойып жібергісі келді, жоя алмады…
Ал бүгінде АҚШ-ыңыз анау, Испанияңыз, Германияңыз, Израиліңіз қандай ел болғаны айтпасақ та түсінікті.
Біз болсақ, аштық пен қуғын-сүргінді танып, тағлым алып біткен жоқпыз… Әйтсе де, отыз елдің қатарында болу үшін ұмтылудамыз.