Абайсыздықтан ажал құшты
Қостанай-Сарыкөл бағытындағы тас жолда, Октябрь ауылына бет алған 25 жастағы жігіт «Фольксваген» автокөлігімен 21-дегі бойжеткенді қағып кетеді. Жапа шеккен жанның жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болғаны анықталды.
Жол көлік оқиғасы салдарынан, қыз сол арада жантәсілім еткен. Қазіргі уақытта, оқиғаның себеп салдары анықталуда.
Жұматай Кәкімжанов