Автомобильге қасақана өрт қойған

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағанындай,  22 мамырға қараған түні Қостанайда күзетілетін автотұрақта төрт жеңіл автомашина жанып кетті. Полицейлер көлікке қасақана өрт қою оқиғасын тергеумен айналысуда.
Автотұрақтың  маңайында тұратындар таңертең қатты жарылысты естіген. Қатар тұрған төрт жеңіл автомобиль отқа оранған. Әдеттегідей кешке өз автомобильдерін тұраққа қойған көлік иелері машиналардың өртеніп жатқанын көрген.
Оқиға болған жерге өрт сөндірушілер мен полиция наряды келген. Полицейлер қасақана өрт қойылғанын дәлелдейтін оттық пен от шалған шүберекті тауып алды. Күзетші болса автотұрақ аумағында бөгде біреуді байқамағанын айтады.
Қазіргі уақытта осы факті бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Істі Қостанай қаласы ІІБ бастығы полиция полковнигі Нығмет Исмағұлов өз бақылауына алған.
Полицейлер автотұрақтағы оқиғаның куәлары болса "102" телефонына хабарласуды өтінеді және  құпиялылықты сақтауға кепілдік береді.
Мнауара
             ҚАБДРАХМЕТОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓