Ашық аспан астында
Қостанайда «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты ЖОО-на құжат тапсырудан кешігіп қалған талапкерлер үшін ашық аспан астында қабылдау комиссиясын ұйымдастырды.
Жасотандықтардың бастамасын жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері, кәсіпкерлері және білім беру саласының өкілдері қолдады. Сала мамандары талапкерлер мен жұмыс істеуге ниетті жастарға қажетті ақпараттарды ұсынды. Мұндай акцияны алдағы уақытта қаланың басқа да жерлерінде өткізу жоспарланып отыр.
Қымбат Досжанова